Жақында ғана аяқ басқан Ит жылы қуанышты хабарларымен қуантуда. "Жыр-Жауһар" поэзия клубының белді мүшесі, "Шабыт" фестивалінің лауреаты, жалпыұлттық республикалық "Егемен Қазақстан" газетінің Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі, ақын Мирас Асан - ел тынысының жарқын жаршысы, еліміздегі басты басылымның бас редакциясына ауысты. Бұл жаңалық барша "Жыр-жауһарлықтар" үшін ғана емес, жалпы, Қарағанды жұртшылығы үшін де зор қуаныш екені сөзсіз!
Өз кезегінде кітапхана ұжымы Мирас Асанды жаңа қызметімен құттықтай отырып, кәсіби және шығармашылық табысқа жете беруіне тілектестігін білдіреді.