Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_Papov is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_Papov is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Адам өмірінде қастерлеп, қадірлеп сақтайтын үш нәрсе бар. Ол; ел, жер, тіл. Осы үштіктің қадіріне жеткен адам әрқашан да бір уыс топырағы киелі, қадам жері қасиетті өлкесін мәңгі есте сақтап өтері хақ. Туған жерді ұлықтау, өз елінің бар болмысын, тыныс-тіршілігін зерттеу, келер ұрпақтың келешегіне кесекті қалдыру кез келгеннің қолынан келе бермейді.

Кімнің болмасын туған өлкеге деген сүйіспеншлік, махаббатын жеткізетін ерекше бір дарыны болады. Ақын жүрегімен өлең арнайды,әнші әнін шырқайды,суретші сырлы қылқаламмен табиғатын суреттейді. Сондай жерінің, табиғатының тылсым күшімен сырласып, әрбір тасын, тауын танып қана қоймай, оны кітапқа енгізіп еңбек сіңіріп жүрген өлкетанушылардың еңбегін елеу елдігіміздің белгісі. Өлкетану саласында еңбегі зор зерттеуші ғалымдардың өткені мен бүгінін біліп, олардың шығармаларын оқып, көкейге тоқу жастардың еншісінде.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Туған жер" жобасы аясында қазіргі кезде еліміздің әдебиетін, мәдениетін, тарихын, жерін насихаттау  мақсатында көптеген игі істер атқарылып келеді. Солардың бірі "Өлкетану" саласы болып табылады. Өлкетану жолында еңбек сіңірген ғалым, зерттеушілеріміз аз емес. Солардың бірі әйгілі өлкетанушы, ғалым, Қарқаралы ауданының Құрметті азаматы Юрий Григорьевич Поповтың 80 жылдық мерейтойына арналған "Патриот, ученый, краевед" атты  Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында көрме  кеші өтті. Өлкетанумен айналысып келе жатқан Ю.Г. Попов Арқа өңірінің өткені мен бүгінін байланыстыра отырып көптеген мақалалар мен кітаптар жариялады. Қарағанды өңіріне қатысты "Каркаралинские узоры" (1976 ж.), "Каркаралинские находки" (1978 ж.), "Свидание с Сары-Аркой" (1980 ж.), "Каркаралы", (1981 ж.), "Қарқаралы тарихи-географиялық очерк" (1984 ж.), "Их помнит Сары-Арка" (1989 ж.), "Дорога на Коунрад" (Н. Русаковамен бірге, 2000 ж.), "Караганда и вокруг нее" (2015), "Ботакаринский узел" (2010)  "Карагандинский краеведческий круг" (2015) тағы да басқа көптеген еңбектері күні бүгінге дейін жарыққа шығуда.

{gallery}material/news/2017_Papov{/gallery}

Айтулы іс -шараға Ю.Г. Поповтың бірге қызметтес, сыйлас досыбелгілі журналист Е.Б. Кузнецова мен ұлы П.Ю. Попов, өлкетанушының өміріне қызығушылық танытқан оқушылар мен ұстаздар, студенттер қатысты. Журналист Е.Б. Кузнецова өлкетанушы жастайынан танитындығын, оның өте еңбекқор, көп сөйлемейтін, қайнаған қызу еңбек адамы екенін ерекше атап айтты. Ал ұлы Павел әкесінің біраз аманатын арқалап келді. Ол Ю.Г.Поповтың кітапхана қызметкерлеріне жолдаған хатын оқып беріп, кітапхана қорына біраз еңбектерін сыйға тартты. Кеш барысында өлкетанушының "Рудник Семизбугы и его люди" атты кітабының тұсауы кесілді. Сонымен қатар, автордың "5 канал" телеарнасымен бірлесе түсірген "Копай – город, которого нет" деректі фильмі келген қонақтар назарына  ұсынылды. Онда Юрий Григорьевич Попов өзінің туған өлкесі және ондағы өзі білім алған мектебі жайында біраз естелік айтып, бүгінде ол жерде ештеңенің қалмағаны жөнінде күйінішпен әңгімелейді.

Кеш  соңында қонақтар жиналған оқушылар мен студенттерге елін сүюге, патриоттық сезімнің жоғары болуын, намысты, еңбексүйгіш болуға үгіттеп, тілектерін жолдап, естелік суретке түсті.

 Жаннұр Елубаева,  өлкетану әдебиеті бөлімінің кітапханашысы