Қазан айы – өте белсенді ай. Осы жылы кітапханада көптеген іс-шаралар жоспарланып, өткізіледі.

Қарттар күніне орай аға буын өкілдеріне арнап күзгі отырыстар өтеді. Рухани келісім күнінің аясында кітап көрмесі ұйымдастырылатын болады. Сондай-ақ, кітапханада қазақ тілінің латын тіліне көшуін насихаттауға арналған іс-шаралар жоспарланған.

Біз оқырмандарымызды дауыстап оқуға, акцияларға, дөңгелек үстелдер, кітап көрмелеріне, шолулар мен тұсаукесерлерге шақырамыз. Сонымен қатар, Сіздерді жазғы демалыстардан кейін есігін айқара ашқан қызығушылықтарыңызға қарай жұмыс істейтін клубтар күтеді.

Қазан айына арналған іс-шаралар жоспары