Қазақстанда латын әліпбиіне кезең бойынша көшу жұмыстары басталды.

2017 жылдың соңына дейін елімізде латын әліпбиін бекітіп, 2018 жылдан кадр мен оқулықтарды дайындау жұмыстары басталады, ал латын әліпбиіне толық көшу 2025 жылға жоспарланған.

Қазақ тілінен латын әліпбиіне көшудегі басты артықшылықтары:

  • Әлемде кеңінен қолданылатын латын графикасын қолдану;
  • Мемлекеттік тілдің ғылымға, білім жүйесінің әлемдік стандарттарына, отандық ғаламтор мен IT-технологиялардың дамуына бейімделуі;
  • Бизнес орта мен бәсекеге қабілеттіліктің жаңашыл әлеуетінің халықаралық деңгейге көтерілуі;
  • Түрік әлеміндегі мемлекеттермен біріңғай жазуға өту;
  • Түрік елдері мәдениетінің бірігуі.

Сіздерді сауалнамаға катысуға шақырамыз.