Күні кеше яғни қыркүйектің 27-жұлдызында Қарағанды шаһарының көгінде даңқты жерлестеріміздің бірі, дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың жай отындай жарқылдаған жігерлі, отты шығармаларында дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың "Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ..." оқулары өтті.
Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен қолға алынған дәстүрлі іс-шара осымен жетінші мәрте ұйымдастырылып отыр.
Жаңа жас таланттардың туындылары жыр сүйер қауымның жүрегіне орын табуына мүмкіндік беріп келе жатқан биылғы жылғы дәстүрлі Қасым оқулары 13 пен 21 жас аралығында екі номинация бойынша өткізіліп, үздік арнау мен үздік эссені анықтады.
"Дүниеге келер әлі талай Қасым..." (Үздік арнау) атты номинация бойынша өршіл ақынның ізімен келе жатқан жасындай жарқылдап, ерекше мәнерімен, жас дарындардың ішінен оза шыққандар өзара іріктелді.
Биылғы жыр бәйгесінде ерекше оза шыққан қарымды қалам иесі, жас дүлдүл ақын, "Элегия", "Тынық түн", "Күтпеген кездесу", "Ұлы әлем" т.б. өлеңдерінің авторы , кітапханамыздағы "Жыр-Жауһар" поэзия клубының мүшесі, жас дарын Бауыржан Ерман бас жүлде иегері деп танылды.
Бауыржан Мейірханұлы Ерман -1998 жылы 22 наурызда ОҚО Отырар ауданы Отырар ауылында дүниеге келген. Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті филология факультеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының II курс студенті.