Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_Tursybek_Kakishev is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_Tursybek_Kakishev is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

"Жоқтамасаң, іздемесең алтын да жарқырамайды" демекші, қара шаңырақта қазақ халқының бақыты үшін, тағдыры үшін, әдебиеттану ғылымы үшін еңбек еткен әдебиет зерттеушісі, сөз зергері, сәкентанушы Тұрсынбек Кәкішұлын еске алдық. Ғалымның 90 жылдық мерейтойына арналған шара  "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Туған жер" жобасы және Алаш қозғалысының 100 жылдығы аясында өтті.

"Тұрсынбек Кәкішев мұрасы және рухани жаңғыру идеясы" атты шараға Т.Кәкішұлының шәкірті, кітапханамыздың досы, жанашыры, филология ғылымдарының докторы, профессор Жандос Смағұлов қатысты.

Шара барысында Жандос Қожахметұлы сөз зергері Тұрсынбек Кәкішұлының әдеби, мәдени мұрасы сондай-ақ, қазақ әдебиетінің тарихы мен әдеби сыны турасындағы зерттеулерді жазудағы табандылығы, ақиқат үшін көппен алысып, қазақ әдебиеттану ғылымы үшін сіңірген еңбектері жайлы тағылымды естеліктер айтты. "Маған Тұрсекеңді қазақ халқының бақыты үшін, тағдыры үшін, әдебиеттану ғылымы үшін, қазақ әдебиетану сынының тарихы үшін "көк тәңірісі" қолдап, қорғап келген сияқты. Тұрсекеңде абадан мінезді көк тәңірісі берген. Сонымен қатар, өмір жолында 20-30-дан астам ғылым докторларын дайындап, шәкірт тәрбиелеген" деп атап өтті.

Сонымен бірге қазақ мәдениетінде, оның ішінде әдебиет саласында дау-дамайы басылмаған Сәкен-Мағжан-Сәбит мәселесі жайында Т.Кәкішев қиын да даулы мәселенің шындығына жету үшін "Мағжан мен Сәкен" деген кітап шығарғаны және бұл еңбекті жазу барысында ешқайсысына іш тартпай, тарихи шындық, құжат, мұрағат деңгейінде артығын артық, кемін кем, уақытша жеңіс пен жеңілісті түгелге жақын қамтығаны туралы Ж.Қожахметұлы өте нанымды, тартымды, ақпараттармен бөлісті. Т.Кәкішұлының қазақ әдебиеті саласында жасаған бірнеше ерліктерін жік – жіктеп баяндап, өз ойының пікірін тура дәл айтатын, өр де тік мінезді болғаны жайында оқырман қауымды рухани ақпаратпен сусындатты.

Жандос Қожахметұлы Т.Кәкішұлының шәкірті ретінде осы жылдың қазан айында Алматы қаласында ғалымның 90 жылдық мерейтойына арналған республикалық конференцияда "Нар тұлға" сериясымен Т.Кәкішев туралы кітабының тұсаукесері болатынын мақтанышпен  жеткізді.

{gallery}material/news/2017_Tursybek_Kakishev{/gallery}

Шара барысында өлкетану әдебиеті бөлімінің кітапханашысы М.Тусупбаева "Ғылым мен сын сардары" тақырыбында қойылған кітап көрмесіне  әдеби шолу жасады.

Сыр-сұхбат құрып, ой бөлісу болып табылған шарамыздағы айтылған ой, берілген ақпараттар жастарымызға оның ішінде әдебиет саласына деген қызығушылықтары бар жастар үшін маңызды болды. Ұлттық болмысымызды, төл тарихымызды, әдебиетімізді, өз рухани құндылықтарымызды насихаттай білейік деген оймен тарқастық.

С. Телпекбаева