Құрметті оқырман!
2017 жылдың 13-ші қыркүйегі мен 30-шы желтоқсаны аралығында Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы "Кітапханаға латын әліпбиіндегі кітап сыйла=Подари библиотеке книгу на латинице" атты Акция жариялайды.
Осы акцияны қолдап, кітапханамыздың сирек және құнды кітаптар қорын толықтырылуына өз үлестеріңізді қосыңыздар! Кітапхана жеке тұлғалардан, ұйым-мекемелерден, латын әліпбиіндегі кітаптарды, газет-журналдарды және де басқа құжаттарды қуана қабылдайды.
Кітапханаға сыйлыққа кітап бере отырып, Сіздер кітапқа екінші өмір сыйлап, оқырмандарымызға ұзақ жылға рухани азық алуына жәрдемдесесіздер.
Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласыңыздар: 56-88-67; 56-74-64