Елбасымыз "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық сипаттағы мақаласында "Туған жер" бағдарламасын қолға алуды ұсынған болатын. Мемлекет басшысы отансүйгіштік сезімнің кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталатынын қадап айтты.

Қазақстанның рухани мұрасына, жастарды өлкенің мәдени құндылықтарына және патриоттық тәрбиеге қатыстыру, Отанын, елін, ұлтын сүюге және көркемдік оқуды, әдебиет пен поэзияны құрметтеуге тәрбиелеу болып табылатын жоба – Қасым Аманжолов оқулары.

2011 жылы қазақтың бір тумасы, жергілікті ақынымыз Қасым Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойын бір ел боп халықаралық деңгейде тойлаған болатынбыз. Қазақтың дауылпаз ақыны Қ.Аманжоловтың ғасырлық тойы қарсаңында қаламызда ақынның асқақ ескерткіші бой көтерді. Сонымен бірге, сол уақыттан аймақ көлемінде Қасым оқуларына жол ашылған болатын.

Бүгінде мәдениет жанашырлары мен әдебиет сүйер қауымға Қасым оқулары ерекше мереке. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін Қасым оқулары келешек ұрпаққа сенім артқан ақынның үмітінің ақталғаны деп білеміз. Қасым ақын ғасырдан ғасырға көшіп, Алаштың рухын асқақтата бермек.

Ақын ескерткіші алдында өршіл ақынның жанартаудай жырлары оқылып, ақынның дарыны мен талантына бас июші жастарымыз осы мерекеде ерекше сезіммен бас қосады. Айбынды ескерткіш тұрған аллея бүгінгі күні қаламыздың тұрғындарының демалатын сүйікті орнына айналды. Қасым – қазақтың ақыны. Қасымды дәріптеуіміз қазақты ұлықтағанымыз.

Текті танып, бағалап, қастерлейді өз затын,

Жетті анық өз затын бағалайтын бекзатың.

Ал, халайық, қаумалап, ақыныңды құрметте,

Асып-тасқан көңілі шарықтасын бір көкке

 "Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ..." атты дәстүрлі VІІ Қасым оқулары

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ақын Қасым Аманжолов шығармаларын насихаттау, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу мақсатында 2017 жылғы 27 қыркүйекте "Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ..." атты дәстүрлі VІІ Қасым оқуларын өткізеді.

Қасым оқуларының мақсаты:

Қасымның ұлылығын, жырларының ерекше рухтылығын қазіргі ұрпаққа айтып қана қоймай, Қасым мұрасын ғылыми түрде түбегейлі насихаттау.

Жырға әуестігі бар жастарды Қасым жырларын қамти отырып, ақындыққа баулу.

Елбасы Н.Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласындағы "Туған жер" бағдарламасын жүзеге асыру.

Отанын, елін, ұлтын сүюге және көркемдік оқуды, әдебиет пен поэзияны құрметтеуге тәрбиелеу.

"Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ..." атты дәстүрлі VІІ Қасым оқуларының

ЕРЕЖЕСІ

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ақын Қасым Аманжолов шығармаларын насихаттау, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу мақсатында 2017 жылғы 27 қыркүйекте "Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ..." атты дәстүрлі VІІ Аманжолов оқуларын өткізеді.

Қасым оқуларының мақсаты:

Қасымның ұлылығын, жырларының ерекше рухтылығын қазіргі ұрпаққа айтып қана қоймай, Қасым мұрасын ғылыми түрде түбегейлі насихаттау.

Жырға әуестігі бар жастарды Қасым жырларын қамти отырып, ақындыққа баулу, жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту, көркем әдебиет пен көсемсөз жанрын жандандыру, тіл мәдениетін көтеру .

Елбасы Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласындағы "Туған жер" бағдарламасын жүзеге асыру.

Отанын, елін, ұлтын сүюге және көркемдік оқуды, әдебиет пен поэзияны құрметтеуге тәрбиелеу.

2017 жылғы дәстүрлі Аманжолов оқулары байқау түрінде өтеді.

Қатысушылар келесі номинациялар бойынша бақ сынасады:

1. "Дүниеге келер әлі талай Қасым" - жас дарындардың дауылпаз ақынға арнаған өз шығармалары.

2. "Қазақ аспанында – Қасым рухы" - ақынның шығармашылығы бойынша эссе жазу.

Байқаудың шарттары:

"Дүниеге келер әлі талай Қасым" номинациясы бойынша Байқауға

  • -       13 пен 21 жас аралығындағы жастар қатыса алады;
  • -       Үміткерлердің қазақ және орыс тіліндегі шығармалары қабылданады;
  • -       Ұсынылған шығармалар Қасым Аманжоловқа арналған болу керек;
  • -       Әр өлең 300 жолдан аспауы керек;
  • -       Үміткерлердің байқауға ұсынылған шығармалары қайтарылмайды және пікір берілмейді;
  • -       Ұсынылған шығармалар жазбаша не электрондық нұсқада Microsoft Word файлды форматы түрінде (14 кегльде (шрифт), жоларасы 1 интервал, Times New Roman) қарпімен жіберіледі.
  • -       Қатысушының жол ақысын жіберуші жақ не қатысушының өзі төлейді.

"Қазақ аспанында – Қасым рухы" номинациясы бойынша эссе жазу

Эссе – шығармашылық жұмыс, қысқаша шығарма, ой талқы. Оған қойылатын талаптар:

  • таңдалған тақырыпқа сәйкестігі;
  • жете қабылдап түсінуі және талқылап, тұжырымдауы;
  • өзіндік көзқарасы;
  • еркін композиция;
  • ішкі мазмұнның бірлігі, негізгі құрылымдық бөліктердің сақталуы (мәселе қоя білуі, аргументі және талдауы, нәтиже).
  • Эссе тілдік норманы сақтай отырып, қарапайым тілмен жазылуы тиіс.
  • 13 пен 21 жас аралығындағы жастар қатыса алады;
  • Үміткерлердің қазақ және орыс тіліндегі шығармалары қабылданады;
  • үміткерлер Қ.Аманжоловтың шығармашылығы туралы жазған еңбектеріне ойтолғау (эссе) жазады;
  • Эссе көлемі 3-4 беттен аспауы керек;
  • Үміткерлердің байқауға ұсынылған шығармалары қайтарылмайды және пікір берілмейді;
  • Ұсынылған шығармалар жазбаша не электрондық нұсқада Microsoft Word файлды форматы түрінде (14 кегльде (шрифт), жоларасы 1 интервал, Times New Roman) қарпімен жіберіледі.
  • Титул бетін безендіру талаптары: тақырыбы; автор туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты); білім беру ұйымының толық атауы, тобы, сыныбы
  • Қатысушының жол ақысын жіберуші жақ не қатысушының өзі төлейді.

Ескерту: Ғаламтордан көшірілген материалдар қарастырылмайды. Бір үміткер бір номинацияға ғана қатыстырылады;

Бағалау өлшемдері:

  • ·        Шығармашылық ізденісі;
  • ·        Ойдың дербестігі;
  • ·        Байқау тақырыбына сәйкестілігі;
  • ·        Автордың өзіндік көзқарасы мен қолтаңбасы;
  • ·        Орындау ұқыптылығы;
  • ·        Туындының көркемдік сапасы;
  • ·        Автордың сөз саптау мәнері;
  • ·        Стильдік ерекшелігі;
  • Тақырыпты ашуы;

Жеңімпаздарды марапаттау:

Байқау жеңімпаздарын арнайы құраммен белгіленген қазылар алқасы анықтайды.

Жеңімпаздарды марапаттау қыркүйек айының 27 жұлдызында Қ.Аманжолов атындағы аллеядағы Қасым ескерткіші алдында өтеді.

Байқау жеңімпаздары әр номинация бойынша Бас жүлде, I орын, II орын, III орындарға ие болып, диплом, алғыс хат, заттай не ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Байқауға қатысу үшін үміткерлер туралы мәліметті (Қатысушының аты-жөні, туған күні, айы, жылы, оқу орны, тобы, сыныбы, жауапты ұстаздың аты-жөні, қатысатын номинациясы) және қатысатын шығарманы 2017 жылғы 17 шілдеден 30 тамызға дейін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштасына жіберу қажет.

Мекенжайы:

Н.В. Гоголь атындағы ОӘҒК. Қарағанды қ., Ерубаев көшесі, 44;

Қосымша сұрақтар үшін байланыс телефоны: 7 7212- 56-76-55, 56-72-76, 49-33-75