Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_nish is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_nish is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Қарағанды қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебі жазғы демалыс уақытында дәстүрге айналған "Туған елге тағзым" іс-әрекетті зерттеу бағытындағы өлкетанулық экспедиция аясында Алматы және Орал қалаларының Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларын қабылдауда.

Зияткерлік мектептердің өзара маршрут алмасу арқылы Қазақстан аймақтарымен танысып, зерттеу жүргізуі – білім беру сапарының ерекшелігі болып табылады. Биылғы экспедиция Алашорда қозғалысының 100 жылдығына арналып "Алашорда ізімен" атауымен өтуде.

Осы бағдарлама аясында 13 маусым күні аталған қалалардың оқушылары біздің кітапханамыздың қонағы болды. Білімге құштар балалар облысымыздың бас кітапханасының өлке тарихына байланысты бай қорына үлкен қызығушылық танытты.Бәрін рет-ретімен баяндайық...

Алыстан ат терлетіп келген қонақтарымызға кітапхана бойынша арнайы экскурсия-саяхат өткізілді. Сексен үш жыл тарихы бар кітапхана тарихымен танысты. Экскурсия барысында оқушыларды кітапхана ережесімен таныстырып, кітапхананың барлық бөлімдеріне жеке-жеке саяхат жасалды. Кітапхана сайтымен таныстырылым өткізіліп, басты ресурс – электронды каталогты қалай пайдалану керектігі көрсетіліп, айтылды. Оларды мазалаған әр алуан сұрақтарына да жауап тауып жатты.

Экспедиция аясында қозғалып отырған тақырыпқа байланысты Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Өскембаев Қанат Сәдуақасұлымен арнайы кездесу ұйымдастырылған болатын. Қанат Сәдуақасұлы Алашорда қозғалысы туралы өз ойымен бөлісіп, балаларға ғылыми зерттеу жұмысын қалай жүргізу қажет екендігі жайлы қысқаша дәріс берді. Оқушылар назарына кітапхана қорындағы Алашорда қозғалысына байланысты кітап қоры ұсынылып, әдеби шолу жасалды. Қазақстан телеарнасы даярлаған "Алаш" фильмі көрсетілді. Ғылыми-зерттеу экспедицияның қатысушылары болғандықтан кітапхана тарапынан арнайы тапсырмалар дайындалған болатын. Яғни оқушылар топтарға бөлініп, бірнеше тапсырмалар орындады. Бірінші топ кітапхана блогындағы "Алаш қозғалысы туралы не білеміз?" деген викториналық сұрақтарға жауап іздесе, келесі топ кітап қорынан белгілі тақырып бойынша қажетті әдебиеттерді іздеу жұмыстарымен айналысты. Бұл бағытта оқушылар шеберлік танытып, бар ынта-жігерлерімен тапсырмаларды орындауға асықты. Бөлімдерден Алаш қозғалысына байланысты кітаптарды қолдану арқылы тапсырмаларын нәтижелі орындауға ұмтылды. Тәжірибе ретінде берілген тапсырмаларды жоғары деңгейде орындап шыққан оқушылар өз білімдерін одан әрі шыңдағандарына дән риза болды.

{gallery}material/news/2017_nish{/gallery}

Осы орайда, жасөспірімдерді Алаш қайраткерлерімен танысуларыңа, тарихи тұлғаларды танып білулеріне зор мүмкіндік жасалды десек те болады.

Жеткіншектердің туған өлке жайлы мәліметтерді өз күштерімен зерттеуге деген қызығушылықтары қуантады, өйткені, оқушыларды тарихты зерттеуге бейімдеу арқылы олардың бойына Отан тарихына деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезім сіңіріледі.

Кездесу соңында оқушылар кітапхана ұжымына алғыстарын білдіріп, естелік суреттерге түсті.