1 маусым күні Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық кітапхананың ауласында "Менің туым" атты өте әсерлі флешмоб өтті.
Аталмыш патриоттық акция Қазақстан Республикасының Ту, Елтаңба, Әнұран Мемлекеттік нышандарының 25 жылдығына арналды. Біздің елімізде 4 - маусым - атаулы дата, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Мерекелік флешмобты ұйымдастырған кітапхана қызметкерлері, патриоттық биді орындау арқылы Қазақстанның Туына деген құрметі мен махаббатын білдірді.