2017 жылдың 8 маусымында сағат 11.00-де Қарағанды қаласының оқырмандарына арналған дәстүрлі "Жазғы Оқу қаласы" жобасы жұмыс жасауын бастайды.

"Жазғы Оқу қаласын" Әлиханов көшесі бойындағы, білім басқармасына қарсы саябақта, 1 қыркүйекке дейін аптасына екі рет сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 11.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс жасайды. Оқырмандар үшін оқуды қолдауға арналған әртүрлі викториналар мен акциялар өткізіледі.

Барлығыңызды табиғат аясында әлемдік көркем әдебиеттердің үздік үлгілерімен сусындауға, көптеген қызықты мағлұматтар білуге және жаңа достар табуға мүмкіндік беретін Жазғы Оқу қаласына" шақырамыз.

Толығырақ :

Қаламызда "Жазғы оқу қаласы" жобасы басталды

Саябақтағы кітапхана // Орталық Қазақстан. - 2017. - 13 маусым (№64). - б.1