Құрметті оқырмандар!
Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы республикалық "Бір ел – бір кітап" акциясы аясында көптеген іс-шаралар ұйымдастырады. Аталмыш акция елімізде 2007 жылдан бері өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – қазақ әдебиетін дәріптеу, қоғамның оқуға деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ жастардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту болып табылады. Жыл сайын акцияның ұйымдастыру комитеті қоғам болып оқуға ЖЫЛ КІТАБЫН таңдап алады.
2017 жылдың ЖЫЛ КІТАБЫНА
Сұлтанмахмұт ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ шығармалары ұсынылды.
16 мамыр күні 11.00-ден 16.00 аралығында кітапхана қызметкерлері Бейбітшілік бульварында инфо-брейк формасында іс-шара өткізеді. Шараға қатысушылар акция туралы, ақын С. Торайғыровтың өмір жолы мен шығармашылығы жайында, сондай-ақ кітапхана қызметі туралы біле алады.
Баршаңызды жүздесуге шақырамыз!