2017 жылдың 12-13 сәуірінде жалпыұлттық газеттерде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»=«Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания» мақаласы жарияланды. Бұл бағдарламалық мақала, ақиқатында, қазақстандық қоғамның рухани дамуының жаңа көкжиегін ашып көрсеткен. Президент рухани жаңғыртудың негізгі алты бағытын ұсынады: ұлтымыздың бәсекеге қабілеттілігі, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтап қалу, білім құмарлық, Қазақстанның эволюциялық дамуы мен сана-сезімінің ашықтығы. Маңыздысы, Ұлт Көшбасшысының идеяларын жүзеге асыратын әр тұлға үшін әртүрлі жобалар түрінде қазақстандық қоғамның алдына нақты шаралар қойылған.

Елбасының бағдарламалық мақаласы мен қазақстандық қоғамның алдына қойылған міндеттері туралы біздің кітапхананың оқырмандары мен қызметкерлері өз ойларымен бөлісті.

 

Әміртайұлы Тілеуғалы

Зейнеткер, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі

Елбасымыздың мемлекетіміздің рухани жаңғыруына арналған үндеуіндегі ой-пікірлер халықтың көңілінен шыққан, көпшілік асыға күткен арман-мақсат жиынтығының көрінісі.

Тарихымыздағы тиімсіз ақтаңдықтарды жою, ұлтымыздың нақты да жаңа бет-бейнесін анық көрсетудің айқын жобасы.

Еліміздің зиялы қауымы мұндай ашық та айқын ойды, батыл да басым қимылды асыға күткен болатын. Енді, міне, Президентіміздің елім деген ерлік жүрегімен халқының, әсіресе келешек ұрпақ қамын қарастыру, асқақтату тілегімен іске аспақ.

«Туған жерге туыңды тік» жобасы «Жалпыұлттық қасиеттер» ұғымын сіңіру, «Ұлттық сана туралы», «Білімнің салтанат құруы» ой-жинақтарынан туындаған бағдарламалар әрбір ұлтын ұлықтауды ойлайтын, ел-жерін қорғайтын патриотты сезімдегі қазақстандықтар үшін басты да басым бағыт.

Әсіресе «Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру» барысындағы әрекеттер, нұсқаулар жедел де қуана қолға алуды қажет ететін мәселе.

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы да ойландыратын әсерлі әрекет. «Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл» толуына арналған нанымсыз есімдер мадақталмай, шынында еліне еңбегі сіңген, нақты ерлік көрсеткен, білім-ғылым жолында жаңалық ашқан азаматтардың есімі аталса құба-құп.

Бірақ, Президенттің бұл үлкен де үдемелі үндеуіне қабақ түйетіндер, аяқты шалатындар да кездесуі мүмкін. Тек, оларға жол бермеу керек.

Жергілікті жерлерде осы үндеуді орындау барысында арнайы комитет құрылса, Президент айтқан мақсатқа тақарымыз да, жетеріміз де хақ.

Наурзбекова Айгуль Сапиевна,
учитель английского языка

Я с большим вниманием ознакомилась со статьей Президента страны Н.А. Назарбаева «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания». Мысли, высказанные Президентом, близки и понятны мне как гражданину и как педагогу. Действительно, любовь к родному краю, своей «малой родине» должна стать основой патриотизма. Президент говорит о том, что лучшая форма патриотизма – это изучение истории родного края в средних школах. Я по роду своей деятельности работаю с детьми и зачастую вижу, что дети не знают историю своего города, своего края, не знают тех, чьими именами названы улицы города. Я рада, что Президент обратил особое внимание на тему краеведения.

Дуанбекова Айгуль Иманкуловна

Қарағанды қаласы №6 жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы игі бас­таманы ел ішінде насихаттап, лайықты жүзеге асыру - баршамыздың парызымыз деп ойлаймын. Соның ішінде «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға елім деген әр азамат үлес қосуы керек.

Бұндағы аталып өтілген ауқымды жоспар мектеп қабырғасынан басталады. Кең байтақ қазақ жерінің әрбір тасының, тауы мен суының, орманының қадірін әс­петтейтін жобаларды көптеп ұсын­сақ, баланың санасына жақсы әсер етері­міз айқын. Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан басталады. Сондықтан Елбасы ұсынып отырған бұл бағдарламаны көп болып, қолдап алып кету керек.

Пак Валентина Иосифовна,
ученый секретарь библиотеки

Ознакомившись с основными положениями программной статьи Главы государства «Взгляд в будущее:модернизация общественного сознания» я еще раз убедилась в правильности определения стратегии нашего развития, когда мы сформулировали миссию библиотеки «приобщать к ценностям культуры края». Краеведение всегда было одним из основных приоритетов деятельности библиотеки С целью сохранения историко-культурного наследия в библиотеке в рамках реализации программы «Мәдени мұра» была организована лаборатория по оцифровке и консервации краеведческого документального наследия. За эти годы было оцифровано более 14 тыс. документов, около 7 тыс. наших краеведческих источников доступны удаленному пользователю.

Хочу сказать, что для популяризации краеведческих знаний в библиотеке проводится значительная работа: в сотрудничестве со школами города работает кружок «Юный краевед», проводятся всевозможные мероприятия просветительского характера, создаются различные электронные краеведческие ресурсы, развивается издательская деятельность, создается «именная» история края и т. д.

В связи с реализацией общенациональных проектов, объявленных в статье, в частности программы «Туған жер», перед библиотеками области сегодня встают задачи осмысления краеведческой работы, определения новых современных приоритетов развития, углубленной работы по выявлению краеведческих источников для создания краеведческой истории региона и т. д. Мне представляется, что сегодня актуальна будет работа по сохранению нематериального культурного наследия. В общем, перед библиотеками открываются широкие возможности по развитию краеведческих проектов и программ, но при условии их финансирования.