Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_kazklub is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_kazklub is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

2017 жылдың 30 наурызында Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қарағанды қаласы Жастар ресурстік орталығының "Kaz club" жастар клубының отырысы өтті.

Клуб отырыстары кәсіби ортада қазақ тілін дамыту, сонымен қатар, оқытудың дәстүрлі емес және ерекше әдістерін қолдану жолымен мемлекеттік тілді меңгеруді насихаттау мақсатында өткізіледі. Клубтың кезекті отырысы Наурыз мейрамына арналды.

Кездесу барысында интеллектуалды байқаулар, ұлттық ойындар өткізілді. Интеллектуалды байқаулар сөздік қор жинау мақсатында ойын түрінде өткізілді. Қатысушыларға Наурыз көженің дұрыс құрамын анықтау және ұлттық музыка аспаптары туралы білімдерін көрсету мүмкіндігі туды.

{gallery}material/news/2017_kazklub{/gallery}

Отырыс барысында қатысушылар байқауларда белсенділік танытып, отырыс тақырыбындағы пікір алмасуда өз қызығушылықтарын білдірді. Кездесу барысында мемлекеттік тілді меңгерудің маңыздылығы мен артықшылықтары туралы баяндамалар ұсынылды. Шара қорытындысында қатысушыларға естелік сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.