Сәуір айының іс-шаралар дайджесті мерейлі даталарға, қызықты оқиғаларға, мерекелерге толы.

Осы айда дәстүрлі түрде Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған фестиваль және "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" ғашықтар мерекесі  өткізіледі.

Сіздерді ғалымдармен, жазушылармен, музыканттармен ұмытылмас  кездесу кештері күтеді. Шара барысындакітап шолуларымен толықтырыла түсетін көрмелер, байқаулар және викториналар өткізіледі.

Сонымен қатар, біздің кітапхана орыс тілі сауаттылығын тексеру бойынша жыл сайынғы біліми акциясын өткізу алаңы болмақ. Барша қатысам деушілер ерікті түрде "Жаппай диктант" акциясына қатыса алады.

Келіңіздер! Бізде өте қызықты!

Сәуір айына арналған іс-шаралар жоспары