Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_kashkynov is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_kashkynov is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Оның бал жинаған арадай ізденіп, үнемі өлеңдік материалдарға көзі жіті, құлағы түрік жүретіндігі, ақындық сергектік пен елгезектігі қуантады. Біздің тарихта қанша талантты ақын болғанымен не жазғанын ұмытып кетіп, қайталай беретіндер де болды. Жеңістің бір жақсысы ондай дерттен аулақ екен.

Ғафу Қайырбеков

Қара сөз бен өлеңді жалғап епті,
Оятуға сезімді арман етті.
Үлкендердің жүрегін елжіретіп,
Бал жырымен қуантқан бал бөбекті.

Бүркіт Ысқақов

"Ақынның аты, ғалымның хаты өлмейді" дегендей әдеби ортаның қарашаңырағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен әдеби шара жырға сусаған Қарағанды тұрғындарын бір серпілтіп тастады.

Ұлыны ұлықтау, өліге тағзым ету - атам қазақтың ежелгі әдеті. "Өлі риза болмай, тірі байымайды" деуі де содан. 2017 жылдың 23 ақпанда өткен  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, бірнеше жыр бәйгесінің жеңімпазы, қарымды қаламгер, жүйрік журналист, Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы, балалардың сүйікті ақыны Жеңіс Қашқыновтың 75 жылдығына арналған "Ғашық көзбен қарадым гүл өңірге..."  атты әдеби еске алу кеші болып өтті.

Әдеби кештің болатынын естіген жыр сүйер қауым залды лық толтырып, ине шаншар орын қалдырмады.

"Ақсораң мен Алатауды жалғаған..." ақынның еске алу әдеби кешін жерлес ақын Руслан Нұрбай кестелі ойымен, көркем сөзімен тізгіндеп отырды.

Кеш ақынның "Жыр оқыса қырандай саңқылдаған" бейнебаянының көрсетілуімен басталды.

Жыр кешінің беташар сөзін алған Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қаламгер  Сүйіндік Жанысбай Жеңіс Қашқыновтың шығармашылығы мен ел тағдырына қатысты философиялық ой-тұжырымдары жайлы сөз қозғады.

Ақынның көзін көріп, өлеңдерін өз аузынан тыңдаған филология ғылымдарының докторы, профессор Жандос Смағұлов ақын жайлы естеліктерімен бөлісіп, ақынның қазақ әдебиетінде айрықша ойып тұрып алар орны бар екендігін кеңінен тарқатып айтты.

{gallery}/material/news/2017_kashkynov{/gallery}

Сондай-ақ журналист, қаламгер Майбас Төрехан мен журналист, ақын Мүсіркеп Сейдахмет сөз кезегінде Жеңіс Қашқыновтың ақындық қасиеті мен адамдық қасиетін қатар қойған адал, аңқылдаған балажан азамат болғанын айтып өтті. Ақынның жанашыр бауырлары Кептербаев Сағынтай, Нұрдос Кәрім сынды азаматтар да Жеңіс ақынды тіпті тарихи тұлға ретінде сыйлайтындығын айтып, өз құттықтауларын білдіріп жатты. Кеш үстінде ақынның қарындасы Сара Қашқынова сөз алып, қазақ балалар әдебиетінің негізін салушылардың  бірегейі,  ағасы Жеңіс ақынның "Профи Медиа" баспасынан жарық көрген "Тағзым" кітабының  салтанатты түрде лентасын қиды. Ақынның сөзіне жазылған "Ақтоғайым алтыным", "Үш арыс" сияқты белгілі әндер әнші Ернұр Қабдрашов пен  "Тоқырауын толқындары" халықтық ән – би ансамблінің мүшесі, әнші Берік Мақшоновтардың орындауында шырқалды.

{gallery}/material/news/2017_kashkynov1{/gallery}

Ақынның туындыларын жатқа оқыған  Қарағанды гуманитарлық  колледжінің, Қарағанды гуманитарлы – техникалық колледжінің студенттері мен №81 жалпы білім беретін орта мектептің, "Кәусар" өнер мектебінің оқушылары  жиналған жұртты ыстық ықыласқа бөледі.

Қазақтай дарынды халқы бар, артында іздеушісі бар ақын мұралары ешқашан өлмейді. Соның дәлеліндей болған ақынның інісі Ернат Қашқынов Жеңіс ақынның асыл мұраларын сақтап, насихаттау жолында еңбектеніп жүр. Астанадан ат арытып келген Ернат Қашқынов қорытынды сөз болған кезегінде  сұңқар сөздің томағасын сыпырып, тұлпар тілектің тізгінін ағытып, қаумалаған ағайынға ағынан жарыла алғыс айтты.

Кештің көркін келтірген кітап көрмесіндегі Ж.Қашқыновтың жеке мұрағатынан алынған қолжазбалар мен фотосуреттер  оқырман қауымының қызығушылығын арттырды.

Әдеби шараға өз еріктерімен келіп қатысқан "Жасұлан" мектебі мен №3 гимназия оқушыларының Ж.Қашқыновтың шығармаларына деген сүйіспеншілігі жоғары екендігі бізді қуантты. Бұл оқушылардың кітап әлеміне деген қызығушылығы.

Кешке келген қонақтар, мектеп мұғалімдері мен кітапханашылары, студенттер, оқушылар кітапханамызбен де таныс болып, оқырман ретінде жазылуға ерік білдірді.

Жеңіс Қашқыновтың есімі қазақ жыр-өлеңінің тарихында өз орнын алғаны кешке келіп қатысқан оқырмандардың ерекше ықласынан, ілтипатынан көрінді.

 Ел көңілінде жүрген ақын кеші көңілді тарқасты.

Виртуалды көрме

"Қазақстан Қарағанды" темарнасының жаңалықтары

Әлиман Ж. Ұлтжанды ізгілік иесі [Мәтін] / Ж. Әлиман // Орталық Қазақстан. - Қарағанды, 2017. - 28 ақпан (№ 24). - 6 б.