Өнер туралы әдебиеттер бөлімі шақырады!
2017 жылдың 14 ақпан күні сағат 11.00-де кітапханамызда "Театр өнерінің шоқ жұлдызы" атты шығармашылық кеш өтеді. Аталмыш шара Қазақ КСР-ның халық әртісі Мүлік Сүртібаевтың 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.
Шығармашылық кешімізге С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының артистері, театр музейінің қызметкерлері, журналистер, қаламыздың оқу орындарының студенттері қатысады.
Жиналғандар назарына Мүлік Сүртібаевтың шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұсынылады. Өмірбаяны, театрдағы және кинодағы сомдаған рольдері, замандастарының ол туралы естеліктерін "Өмір. Театр. Кино" атты деректі фильмнен тамашалай аласыздар.
Кеш жайлы ақпаратты Өнер туралы әдебиеттер бөлімінен білуге болады.
Анықтама телефонымыз: 493375