Қыстың соңғы айы ақпан да келіп жетті, жылдың ең қысқа айы. Бұл айдың ерекшелігі төрт жылда бір рет қосымша күн қосылып отырады. Ақпан айының қысқалығына қармастан, ол дәстүр бойынша әртүрлі кітапханалық шараларға толы.
Еліміз үшін ақпан айы ерекше басталды, биылғы жылы Алматы тұңғыш рет 2017 жылғы XXVIII қысқы Универсиаданың астанасы болып отыр. Бұған дейін 1973 жылы Мәскеу және 2013 жылы Қазан қаласы жастардың тек жазғы спорт ойындарын қабылдаған болатын. 2017 жылғы қысқы Универсиаданың ұраны – «Қанатыңды кең серпі!», жас спортшыларды спорттың биік шыңын бағындыр дегенді білдіреді. Универсиада ұранын қолдайық! Қанатыңды кеңге жай! Тек қана алға, Қазақстан!