Құрметті оқырман қауым!

Жылдың ең басты жаңалықтарының бірі – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Осы жылдар аралығында біздің еліміз көптеген жетістіктерге жетті. Жас республика, Тәуелсіздікті қабылдаған соң, мемлекеттік басқару мекемелері жаңа жүйе жасап, ұлттық экономиканы қалыптастырып, этносаралық және конфессияаралық келісімнің үлгісін қалады. Қазақстан басқа мемлекеттермен берік дипломатиялық байланыс жасап, халықаралық ұйымдар қатарына қосылды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында кітапханада

"Тәуелсіздік қарағандылықтар көзімен" атты мерекелік кеш өтеді.

Кеш қонақтары Қазақстанның жас мемлекет ретінде қалыптасуы мен нығаюындағы аймағымыздың үлесін талқылайтын болады. Облыстық экономика, денсаулық сақтау, білім, ғылым, және мәдениет басқармаларының мамандары өз саласында Қарағанды облысының жеткен жетістіктерін атап өтеді. Шағын және орта бизнестің өкілдері қарағандылық өнеркәсіптердің дамуы туралы өз ойларымен бөліседі. Спорт шеберлері болса әлемдік спорттық сайыстардағы жетістіктерінің мемлекет беделіне әсері туралы айтатын болады.

Өтетін уақыты: 12 желтоқсан күні, сағат 15.00-де

Өтетін жері: кітапхананың оқу залы                                     Біз сіздерді күтеміз!