2016 жыл әрбір қазақстандық үшін маңызды жыл, бұл жылы Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болғанына 25 жыл толды.

Артымызға көз салсақ, еліміздің дамуының зор жетістіктерін айтпау мүмкін емес. Үкімет дамудың бастапқы кезеңінде өршіл жоспарларды алға қойды, нәтижесінде қазіргі уақытта іс жүзінде ол жоспарлар сәтті орындалды.

25 жыл ішінде тарих дамуында ерекше серпіліс жасай отырып, Ұлт Көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен қазақстандықтар күшті, серпінді, заманауи мемлекет құруда бірлесе еңбек етуде.

Желтоқсан айында кітапхана оқырмандарын еліміздің басты мерекелері – ҚР Тұңғыш Президент Күні, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар күтеді. Сонымен қатар, алдымызда көңілді мереке – Жаңа жыл!

Барша оқырмандарымызды келе жатқан мерекелеріңізбен құттықтаймыз.

Желтоқсан айына арналған іс-шаралар жоспары