2016 жылғы 24-ші қараша күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Алматы қаласындағы "Алатау" дәстүрлі өнер театрында "Текті сөздің төресі – терме" атты республикалық жыршы – термешілер байқауын өткізді.

Байқауға Қазақстанның 14 облысы және Астана мен Алматы қалаларынан жыршы-термешілер қатысты. Аталмыш байқауға облысымыздың атынан Қарағанды облыстық Н.В.Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханашысы Ахметжанов Амангелді Берікбайұлы да қатысқан болатын. Байқауда жерлесіміз, әрі әріптесіміз дипломмен марапатталып Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман ағамыз төрағалық етіп отырған "Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы-термешілер халықаралық одағының" мүшесі атанып, куәлігіне ие болды. Біз әріптесімізге шығармашылық табыс тілеп, қашан да биіктен көріне бер демекпіз!