Қазақстан Республикасының 25 жылдығын атап өту шараларының аясында Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы облысымыздың орталықтандырылған кітапханалар жүйелерімен (әрі қарай ОКЖ) бірлесе отырып, фотосуреттер байқауын жариялады.
Фотосурет байқауын ұйымдастырушылар :
- Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы;
- Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы;
- Қарағанды облысының орталықтандырылған кітапханалар жүйелері.
Байқаудың мақсаты:
Жастар мен өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиемен сусындатып, оларды егемен еліміздің ертеңгі тұтқасы болуға дайындау;
Байқау келесі тақырыптар аясын қамтиды:
- "Мәңгілік Ел – бұл біздің ғұмырымыз"
- "Тәуелсіз Қазақстанның ескерткіштері";
- "Тәуелсіздік нышандары жанындағы селфи";
- "Тәуелсіздік – қас-қағым сәт".
Фотосуреттер байқауы туралы ақпарат облысымыздың ОКЖ сайттарында және кітапханалардың әлеуметтік желілердегі парақшаларында берілді (facebook, VK, Instagram). Фотосуреттер электрондық нұсқада орталық қалалық және орталық аудандық кітапханалардың электрондық пошталарына қабылданады. Жеңімпаздар онлайн-дауыс беру арқылы анықталады. Фотосайыс 2 кезең бойынша жүргізіледі:
1-кезең – аудандық және қалалық кітапханаларда ең үздік фотосуреттерді іріктеп алу. Оларды кітапханалар сайтына және әлеуметтік желідегі парақшаларға орналастыру.
2-кезең – Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының әлеуметтік желілерінде іріктеу және үздік фотосуреттердің көрмесін ұйымдастыру.
Конкурс жеңімпаздарының көрмесі Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында, Тәуелсіздік күні қарсанында, 12 желтоқсанда ашылып, 2016 жылдың соңына дейін жұмыс істейді.
Байланыс үшін:
Кітапханаларды дамыту бөлімі: тел:. 8-7212- 56-77-55
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.