[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2016_denotkritih is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.
2016 жылдың 13 қазанында Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында "Ашық есік күні" Акциясы өтті.
Акцияның мақсаты - оқуға деген қоғамдық қызығушылықты арттыру және қала тұрғындарының қалың тобын оқу процесіне тарту, оқырмандарды жұмыс шарттарымен, жаңа ақпараттық мүмкіндіктермен және кітапхана қызметімен таныстыру.
Осы күні ЖОО-ның студенттері, колледждер мен мектеп оқушылары, сондай-ақ, қала тұрғындары біздің кітапханамыздың оқырмандары атанды.
Таңертеңнен бастап келушілерге қызықты да таңымды алаңдар жұмыс жасады: "Кітаптың өмірі" библиосеруені, тақырыптық кітап көрмелері, күзгі букроссинг, "Өзің жазыл да - досыңды жаз" акциясы, "Мәңгілік байлық" бірегей сирек кітаптар көрмесі.
Келушілер осы бірегей сирек кітаптар туралы әңгімені ерекше ықыласпен тыңдады. Атап айтар болсақ, француз жазушысы Ле Саждың 4 томдық "Похождения Жилблаза" (1768, 1792, 1808ж.басылып шыққан), 19-20ғғ. орыс және шетел классиктерінің шығармалары және фолиант (үлкен) кітаптар. Факсимильді және миниатюралық басылымдар көрменің ажарын ашты.
{gallery}/material/news/2016_denotkritih/{/gallery}
"Қарағанды облысының картасын жина" зияткерлік ойынына және "Бір –ел бір кітап", "Танып ал және ата" атты викториналарға қатысып, барлық сұрақтарға жауап беруге тырысты.
Кітапханамызда "Күзгі букроссинг" Акциясын өткізу дәстүрге айналған. Бұл акцияға кітапханаға келген әрбір оқырман қатыса алады. Кітапхана фойесінде барлық тілек білдірушілер үшін еркін кітап айырбастау ұйымдастырылды. Кітапханаға келген әрбір оқырман ол жерден өзіне ұнаған кітапты таңдап алды. Бұл акцияның қағидасы – "Оқы да – өзгеге бер".
Оқырмандар назарына кітапханамыздың тыныс-тіршілігі жайлы сыр шертетін бейнеролик ұсынылды.
Сондай-ақ, біздің тұрақты оқырмандарымызға 13 қазаннан 20 қазан аралығында "Ұмытшақ" оқырман" акциясы жарияланды. Қандай да бір себеппен кітаптарын тапсыруын кешіктірген оқырмандар, осы уақыт аралығында кітаптарын айыппұлсыз тапсыру мүмкіндігіне ие болады.
Ашық есік күні кітапханашылар үшін және жаңа оқырмандар үшін де жемісті болды. Осы күні келген 400-ден аса қонақтар біздің оқырманымыз атанды.