[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2016_altinsarin1 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлап отырған мерейлі жылы еліміздің тұңғыш ағартушы-педагогі, қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы Ы. Алтынсариннің 175 жылдық мерейтойы да аталып өтуде.
Осы атаулы датаға кітапхана "Ыбырай Алтынсарин – педагогика ғылымының негізін қалаушы" атты конференция өткізді.
Конференцияның мақсаты – Ы. Алтынсарин мұрасын зерделей отырып, оның идеяларын қазіргі білім беру жүйесінде қолдану мен шығармаларын насихаттау.
Шараға Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУдің п.ғ.к педагогика-психология және мектепке дейінгі дайындық кафедрасының доценті Г.Қ. Белгібаева, ф.ғ.к., қазақ әдебиеті кафедрасының доценті Ж.А. Рүстемова, п.ғ.к., "Болашақ" академиясының гуманитарлық-педагогикалық факультетінің доценті Г.К. Бокижанова, Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыратын институты кітапханасының басшысы А.Н. Бұхарбаева, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көпшілік-экскурсиялық жұмыс бөлімінің меңгерушісі З.А. Тебаева қатысып, Ы.Алтынсариннің қазақ ағарту ісіне, білім беру жүйесіне сіңірген еңбектеріне толықтай тоқтала отырып, мәнді де мазмұнды баяндамалар ұсынды.
{gallery}/material/news/2016_altinsarin1{/gallery}
Ыбырай Алтынсариннің мол мұрасының әлі де толықтай зерттелмегенін сөзге тиек еткен баяндамашылар, өскелең ұрпаққа осы істі жалғастыру аманат еткенін баса айтты.
Ұйымдастырушылар тарапынан дайындалған тағылымы мол "Қазақ даласының дара ұстазы" атты кітап көрмесі мен "Тарихта қалған есім" атты виртуалды ресурстар бойынша шолу жиылған қауымның назарын баурап алды. Сонымен қатар, шараға қатысқан қаламыздың орта мектеп ұстаздары мен кітапханашылардың назарына "Олар бірінші болған: Ыбырай Алтынсарин" атты деректі видеокөрсетілім ұсынылды.
М. Жұмабаев атындағы №39 мектеп-гимназиясының 5-ші сынып оқушылары Баяндина Әуен мен Қуанышбекова Айзере ақын мұрасынан нақышына келтіре оқып, жырдан шашу шашты.
Конференция ұйымдастырушылары сөз соңында шараның өтуіне ат салысқан әрбір қонағына және Қарағанды қаласының білім бөліміне ерекше ілтипатын білдірді.
Өскелең ұрпақтың ұлтымыздың бірегей қасиетін, байырғы мәдениеті мен қайталанбас болмысын сақтап қалуда осындай игі шаралар өз нәтижесін берер деген сенімдеміз.