Жаздың ыстық айлары келіп жетті. Жаз мезгіліне қарамастан кітапхана жұмысы өз қызметін жалғастыруда: кітап көрмелері безендіріліп, әңгімелер мен әдебиеттер шолуы өткізіледі. Өткен жылғы дәстүр бойынша «Кітаппен өткен жаз қызық!» бағдарламасы жалғасын табады. Әдеттегідей жаз мезгілінде кітапханашылар әртүрлі әдістемелік-библиографиялық құралдар, сонымен қатар атаулы даталар Күнтізбесін дайындаумен айналысады.

Шілде айына арналған іс-шаралар жоспары