2016 жылдың 16 маусымында сағат 11.00-де Қарағанды қаласының оқырмандарына арналған дәстүрлі "Жазғы Оқу қаласы" жобасы жұмыс жасауын бастайды.
"Жазғы Оқу қаласының" алаңы "Мәңгілік алау" мемориалының Аллеясында, 1 қыркүйекке дейін аптасына екі рет сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 11.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс жасайды. Оқырмандар үшін оқуды қолдауға арналған викториналар мен әртүрлі акциялар өткізіледі.
Барлығыңызды табиғат аясында әлемдік көркем әдебиеттердің үздік үлгілерімен сусындауға, белгілі тұлғалардың өмірімен танысып, әртүрлі талғамдағы кең танылған ғылыми көпшілік журналдарды оқуға мүмкіндік беретін Жазғы Оқу қаласына шақырамыз.