Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2016_zapadni_kazahstan is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2016_zapadni_kazahstan is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Облысымыздың бас кітапханасы ретінде Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақстанның аймақтық кітапханаларымен тәжірибе алмасу мақсатында онлайн режиміндегі кездесулер өткізумен қатар,іссапарларға барып, облысымызға келгенәріптестерімізді де қарсы алуда.

Осындай мәнді де, мағыналы кездесулердің бірі - 2016 жылғы 6-9 маусым аралығында Батыс Қазақстан облысының кітапхана қауымдастығы атынан келген әріптестеріміздің іссапарын атап өтуге болады. Бұл Батыс Қазақстан облысы кітапханашыларының біздің кітапханаға алғашқы келулері емес, Батыс өңірінің делегациясы 2013 жылы облысымызға келіп қайтқан болатын.

Биылғы жылы келген делегацияның құрамында Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан ОӘҒК-ныңдепозитарлық сақтау секторының басшысы Н.А.Фирульскаяжәне жүйетехнигіА.Ж.Джамбаев, Жаңақала және Жәнібек аудандық ОКЖ директорлары – Д.Д.Мукашева мен С.С. Джукинажәне Сырым ауданы, Алғабас ауылының үлгілі кітапханасының меңгерушісі У.Карина болды.

{gallery}/material/news/2016_zapadni_kazahstan{/gallery}

Қонақтар бағдарлама аясында Теміртау және Шахтинск орталықтандырылған қалалық кітапханаларында, Абай орталық қалалық және орталық балалар кітапханасында, БұқаржырауОКЖ-нің Мұстафин кентіндегі үлгілі кітапханасында болып қайтты. Теміртау ОКЖ-сінің қызметкерлері басымдылық бағыттарының бірі болып табылатын қалалық корпоративтік желі мүмкіндіктерімен таныстырып, жалпы кітапхана жұмысының оңтайлы өзгерістері мен бүгінгі таңдағы жағдайы туралы толық ақпарат берді.Облысымыздың алғашқылар қатарында саналатын Шахтинск орталық қалалық кітапханасының кітапханашылары қонақтарға корпоративті желіні ұйымдастыру, электронды каталог құру, өлкетанулық құжаттарды сандық форматқа өткізу, кітапхана сайтын құрудағы негізгі кезеңдер сияқты сұрақтарды қамтыған «Кітапхана жұмысындағы жаңашылдықтар: тәжірибе алмасу» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шахтинск ОКЖ-де кітапхана кеңістігін және мобильді қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша ұсынылған мәліметтер Батыс Қазақстаннан келген әріптестеріміздің тарапынан ерекше қызығушылық тудырды.

{gallery}/material/news/2016_zapadni_kazahstan1{/gallery}

Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан ОӘҒК кітапханашылары Н.В. Гоголь атындағы ОӘҒК-ның  қызметкерлерінен ИРБИС-ті бейімдеу, деректер базаларынконвертациялау, цифрлау технологиясы және электронды каталогқа байламдар жасау, құжаттарды электронды жеткізу және виртуалды анықтама беру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша кеңес алды.

Сонымен қатар, облысымыз үшін аса маңызды мәдениет нысандары болып табылатынТеміртау қаласындағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы менДолинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейінде ұйымдастырылған экскурсиялар облыс тарихынан сыр шертіп, қонақтарымыз үшін ұмытылмас әсер қалдырғанына сенімдіміз.