Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2016_1iunya is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2016_1iunya is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Барлығымыз да бір кездері бала болдық. Сол кездері қуаныш пен шаттыққа, жылылық пен күн нұрына толы жаз айларын асыға күттік. Бақытты балалық шағымыздың сол сәттері әлі де есімізде.

Өз кезегімізде біздер де, 1 маусым – балаларды қорғау күніне орай кітапхана қызметкерлерінің балалары үшін  есте қаларлықтай ерекше мейрам ұйымдастыруға тырыстық.

Бұл күні Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ғимараты – "Қазыналар аралына", кітапхана қызметкерлері - қазына іздеушілерге, ал балалар болса – кішкентай қарақшыларға айналды.

{gallery}/material/news/2016_1iunya{/gallery}

Қарақшылық квест мерекесін әртүрлі сайыстар мен викториналар, ойындар мен жұмбақтар қызықтыра түсті. Қазына іздеу жолындағы саяхатта балалардың алғырлығы, батылдығы, тапқырлығы мен зеректігі сынға түсті. Кішкентай «қарақшыларды» жерасты кітап патшалығы ерекше әсер қалдырды.

{gallery}/material/news/2016_1iunya1{/gallery}

Далада от жағып, тамақ пісіру, таза ауада тамақтану, одан соң қарақшылық картаны жинап, сол бойынша жасырылған  қазынаны (сыйлықтары бар сандық) табу, осы жолда кездескен көптеген кедергілерде бір-біріне қол ұшын бере отырып, бірлесе жеңу – балалардың күшін бір бағытта біріктіріп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Біз барлық балаларға жазғы демалыс уақытын

есте қаларлықтай қызықты өтуін тілейміз!