Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2016zhzh is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2016zhzh is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Қарағанды облысы әкімінің мәдениет және өнер саласы қызметкерлеріне арналған сыйлығы біздің кітапханамызға қос бірдей қуанышты алып келді. Сол қуаныштың бірі - болашағынан үлкен үміт күттіретін жас прозаик Алмаз Мирзахметовтың Облыс Әкімі сыйлығының «Алтын жолақ» номинациясының иегері атануы.

{gallery}material/news/2016zhzh{/gallery}

Қазіргі қазақ прозасына тың үлгі, жаңа серпін әкелу жолында талмай еңбек етіп келе жатқан Алмаз Мирзахметов кітапханамызда жұмыс жасайтын «Жыр-Жауһар» поэзия клубының белді мүшесі болып табылады. «Жыр-Жауһар» поэзия клубымен бірге Алмаз Мырзахметов те өсіп, жетілді. 2007 жылы облыстық, аймақтық, Республикалық «Махамбетше» жыр мүшәйрасының лауреаты; 2007 жылы ұйымдастырылған «Атамекен» жыр мүшәйрасының бас жүлдегері атанды. 2009 жылы «І-ші облыстық Қасым Аманжолов» атындағы мүшәйраның «Жаңа есім» номинация иегері; 2010 жылы Университет аралық «Қасым» мүшайрасының бас жүлдегері; 2010 жылы Облыстық «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» күніне орай ұйымдастырылған мүшәйраның 1 орын иегері; 2010 жылы «Күркіреп күндей өтті ғой соғыс» атты жыр додасының жүлдегері; 2010 жылы Қайрат Рысқұлбеков атындағы Республикалық ақындар мүшәйрасының лауреаты; 2011 жылы Ғабиден Мұстафин атындағы жас қаламгерлер байқауында проза жанры бойынша гран-при иегері; 2011 жылы Астана қаласында өткен XIV Халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты атанса, 2015 жылы Білім және Ғылым министрлігі мен «Инновациялық даму» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Аңсар – 2015» әдеби сыйлығының «Жылдың үздік жазушысы» сыйлығына ие болды.

2011 жылдан бері әдебиет әлеміндегі жаңа ізденістер мен жас дарындардың тың дүниелерін жарыққа шығару жұмыстарын жүргізетін «Қасым» журналында жауапты хатшы, компьютер орталығының жетекшісі болып қызмет атқарады.

2013 жылы қазақ прозасына басқан қадамының алғашқы жемісі болып саналатын «Ханшайым» атты әңгімелер жинағы жарық көрсе, 2016 жылы «Қала мозаикалары» атты туындысы оқырманға жол тартты.

Биылғы жылы 10 жылдық мерейтойын атап отырған «Жыр-Жауһар» поэзия клубы үшін бұл марапат үлкен абырой екені сөзсіз. Осы орайда, аталмыш салтанатта «Жыр-Жауһар» поэзия клубының мүшелері - Ақмаржан Жорабаева, Еламан Әмірғазы, Перизат Жаңғылышбаева, Бек Ноғайбайұлы, Әлия Серікқызы, Ерік Нарынов сияқты бір топ жас қаламгерлердің жақұт жырларды паш етіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленгендігін мақтанышпен айта кетейік. «Өнер деген – өзіңе емес, өзектегі ел қамы!» деп аталған бұл шағын әдеби композиция кеш қонақтарын өнердің сан алуан қырына бойлатып, оның қиындығы мен қызығын қатар көрсете білді.

Ал біз  Алмазды осы белді де беделді марапатымен құттықтаймыз! Жазары көбейіп, шабыты шарықтай берсін! Денсаулығы мықты болып, үлкен биіктерден көруіне тілектеспіз!