Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Кітапхана сайты – ақпараттық және білім беретін әлемге ашылған терезе" атты үздік кітапхана сайты сырттай байқауы басталды.

Байқаудың мақсаты: ОКЖ сайттарын жетілдіру және дамыту мақсатында бәсекелестік орта қалыптастыру, облыс ОКЖ сайт құру жұмыстарын бағалап, ынталандыру.

Байқауға қатысуға Қарағанды облысының ОКЖ шақырылады.

Онлайн-тіркелу 2016 ж. 15 сәуірінен 25 сәуіріне дейін.

Байқау нәтижесі екі номинация бойынша қорытындыланады :

  • "Қалалық ОКЖ арасындағы ең үздік кітапханалық сайт"
  • "Аудандық ОКЖ арасындағы ең үздік кітапханалық сайт"

Байқау қорытындысы 2016 ж. 15 қарашада жарияланады.