Фотобайқау!    Фотобайқау!    Фотобайқау!

Н.В. Гоголь атындағы Қарғанды облыстық кітапханасы "Гоголевкадағы Кітапхана түні" акциясы аясында өткізілетін "Отбасымызбен оқимыз" атты фотобайқауға қатысуға шақырады.

Бұл фотобайқаудың басты мақсаты -  кітап оқуға назар аударту, қоғамда кітаптың рөлі мен мәртебесін арттыру, оқырман отбасының позитивті бейнесін жасау.

Байқау 2016 жылдың  20  наурызы мен 20 сәуірі аралығында өткізіледі.

Байқауға отбасының кітап оқу кезінде тосыннан түсіріп алынған әсерлі, сәтті фотосуреттер қабылданады.

"Отбасымызбен оқимыз" фотобайқауына жас ерекшелігіне қарамастан кез келген ниет білдіруші тұлға қатыса алады.

Жұмыстарға қойылатын талаптар:

Тек түрлі-түсті немесе ақ-қара түсті жеке фотосуреттер қабылданады.

Фотосуреттердің электронды нұсқасын JPEG, RAF немесе Tiff форматында Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.">поштасына жолдауға немесе 20 см х 15 см көлемінде фотосуреттің шығарылған нұсқасын 100008, Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 44 мекен жайына алып келуге болады.

Байқауға жолданған фотосуреттерге келесі ақпараттар ұсынылу қажет: фотосурет атауы, автордың аты-жөні, байланыс телефоны.

Өзге сайттар/блогтардан көшіріліп алынған фотосуреттер қабылданбайды. Компьютерлік монтаждау жолымен жасалған суреттер байқауға жіберілмейді.

Фотосуреттер келесі талаптар бойынша бағаланады:

  • -тақырыпқа сәйкестілік
  • -ерекшелік
  • -орындау сапасы
  • -шығармашылықтәсілдеме

Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады. Үздік деп танылған жұмыстар Н.В. Гоголь атындағы облыстық кітапханадаөтетін "Гоголевкадағы Кітапхана түні" акциясы барысында көрмеге қойылады.

Қапы қалмаңыздар! Сіздерден фотосуреттер күтеміз!