Құрметті жоғары оқу орындарының түлектері мен жас мамандар!
1 сәуір күні 17.00-ден 18.00-ге дейін кітапханамызда АҚШ (Астана) елшілігінің өкілімен Магистратурада оқуға арналған Фулбрайт бағдарламасы (2017-2018 оқу жылы) бойынша веб-чат өткізіледі.
Фулбрайт бағдарламасы жоғары оқу орындарының түлектері мен жас мамандарға АҚШ-та магистр дәрежесін алуға мүмкіндік береді.
Мамандықтар тізімі:
Медициналық мамандықтардан басқа кез келген мамандықтар бойынша өтініш білдіруге болады.
Бағдарлама бойынша сұрақтарыңыз болса келіп қатысыңыздар!