Биылғы жылы еліміз үшін маңызды оқиға – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аталып өтуде.
1991 жылы 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық Заңы қабылданды.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың зор еңбегінің нәтижесінде Қазақстан бүкіл әлем мойындаған, заңды түрде рәсімделген тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болды.
Бұл заманалық оқиға – халқымыздың ұрпақтарының орындалған арманы мен үмітінің нәтижесі.
Егеменді дамуының 25 жылында Қазақстан әлемнің ең дамыған 50 ел қатарына енді, 2030 Стратегиясын мерзімінен бұрын жүзеге асырып, 2050 Стратегиясын, "100 нақты қадам": барлығына арналған заманауи мемлекет" Ұлт жоспарын жүзеге асыруға кірісіп кетті.
Бүгінгі күні Қазақстан ТМД елдері арасында жаңғырту мен дамытудың көшбасшысы.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымында, Астаналық саммитте салтанатты төрағалық етуі, Ислам Конференциясы Ұйымында, Шанхай ынтымақтастық ұйымында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Еуразиялық экономикалық одағына төрағалық етуі Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың даналық және тиімді экономикалық саясатының нәтижесі деп білеміз.
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын мерекелеудің негізгі мақсаты – мемлекеттігімізді әрі қарай нығайту, халық бірлігін сақтап, барлық қазақстандықтарды "Мәңгілік Ел" идеясы құндылықтары айналасына шоғырландыру:
- Тәуелсіздіктің 25 жылындағы Қазақстанның жеткен жетістіктерін насихаттау;
Қазақстандық қоғамның әрі қарай дамуының өзегі болып табылатын "Мәңгілік Ел" жалпы ұлттық патриоттық идея құндылықтарын жүзеге асыру;
Біртектілік пен бірлікті нығайту;
Елі үшін мақтаныш сезімін нығайту;
Әлемнің дамыған 30 ел қатарына кіру–ұлтымыздың негізгі стратегиялық міндетін жүзеге асыруда барлық азаматтардың белсенді қатысуына жағдай жасау.
Мереке аясында, ҚР Президенті Әкімшілігінің ұсынысына сәйкес Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын меркелеу бойынша іс-шаралар жоспарын мен "Тәуелсіздік мерейтойына - 25 игі іс" Бағдарламасы жасады.