Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2016_profesiya is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2016_profesiya is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

2016 жылғы 17 ақпанда кітапханада Елбасының "Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы" идеясын насихаттау аясында "Мамандықтар әлемінің картасы" атты ақпараттық сабақ өтті.

Шараның мақсаты – жас буынды әр саладағы кәсіптік-техникалық мамандықтардың қыр – сырымен таныстырып, келешекте өз ісінде жетік маман болуға, адал еңбекке тәрбиелеу.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев жаңа Жолдауында "Шеберліктің шыңына жете білсеңдер мамандықтың бәрі жақсы. Қазір техникалық мамандақтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады", - деп жастарға үндеу жолдаған болатын. Жастарымыз болашақ жолын дұрыс бағамдап, өз ісінің жетік маманы болып жатса, еліміздің де келешегі жарқын болмақ.

Шараға Қарағанды қаласындағы № 52, 58, 62, 63 мектептерінің оқушылары, қаламыздың орта арнаулы оқу орындарының ұстаздары мен студенттері және бірқатар мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қатысты. Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Д.С. Сақаева мен Қарағанды қаласының жұмыспен қамту орталығының маманы А.К. Баймағамбетова өз сөздерінде кәсіптік-техникалық мамандықтардың қазіргі таңда еліміз үшін өте қажет және маңызды екендігін атап айтты. Жастарымыздың кәсіптік-техникалық білім алуларына көптеген жеңілдіктер мен қолайлы жағдайлар жасалып жатқандығына баса назар аударды.

{gallery}/material/news/2016_profesiya{/gallery}

Сондай-ақ, Қарағанды агротехникалық колледжі, Қарағанды транспорттық технологиялық колледжі және Қарағанды индустриялық-техникалық колледждерінің ұстаздары мен студенттері көрнекі материалдарды пайдалана отырып, оқу орындарындағы мамандықтар туралы жан-жақты ақпарат ұсынды. Көлік жөндеуші, теміржолшы, электр техникаларын жөндеуші, ағаш шебері, аспазшы сияқты күнделікті өмірде өте қажет мамандықтардың өзіне тән ерекшеліктерімен таныстырды.

{gallery}/material/news/2016_profesiya1{/gallery}

Қонақтар мен оқушылардың назарына "Мен мамандық таңдаймын" тақырыбында кітап көрмесі ұсынылды. Көрмедегі кітаптар оқушылардың қызығушылығын тудырып, парақтап көруге жетеледі.

Кітапханада өткізілген ақпараттық сабақ жас жеткіншектерге мамандық таңдау туралы ой тастағаны сөзсіз. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыс жалғасын тауып, осындай игі шараларға жалғасатынына сенімдіміз.