2016 жылдың 18 ақпанында Қарағанды коммерциялық колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Елімнің ерлік жолы" тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.
Н.В. Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының абонемент бөлімінің қызметкері Г. Қадырова Қазақ елінің 25 жылдық тарихынан жан-жақты ақпарат беріп, осы жылдардағы мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатында жеткен жетістіктерін атап өтіп, жастарды тарихтың айшықты беттерін айқындаған баспа өнімдерімен таныстырды.
Ұсынылған кітаптардың ішінде қазақ халқының тарихи тұлғаларының өмірдеректері толық қамтылған "Қазақ халқының тарихи тұлғалары" 2 томдық жинағына, "Қазақ ұлт – азаттық қозғалысы" көп томдығы мен К. Адырбекұлының "ХХ ғасыр. Соңғы репрессия" атты кітабына студенттер тарапынан ерекше қызығушылық байқалды. Ақпараттық сабақ барысында студенттер көптеген сұрақтар қойып, толық қамтылған жауаптар алды. Сонымен қатар, кітапханамыздың ұсынатын қызметі мен жоспарланып өткізілетін шаралар туралы толыққанды ақпарат ұсынылды.