Ізгілікке жаны құмар ардақты оқырман!

Елдігімізді сақтап қалуда ерен еңбектері сіңіп, есімдері алтын әріптермен жазылған ерлеріміздің есімін ардақтау парыз. Биыл Алашорда үкіметінің көсемі Ә.Бөкейханның 150 жылдығы "ЮНЕСКО" көлемінде тойланғалы отыр.

Осыған орай 2016 жылдың 27-қаңтар күні сағат 17.00 де Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің "Тұлғатану" ғылыми-зерттеу орталығымен бірлесе ашылған "Тағылым" танымдық интеллектуалды клубынның кезекті кездесуі өтеді.

Дәріс оқитын әлихантанушы-ғалым, 1995 жылы Ә.Бөкейханның "Таңдамалысын" құрастырып шығарушы, халықаралық журналист, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы “Алаш” мәдени және рухани даму институтының директоры Жүсіп Сұлтанхан Аққұлұлы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, алаштанушы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, профессор Сағымбай Жұмағұлов, Алаш ардақтыларының бірі Қошке Кемеңгердің тікелей ұрпағы, Омбы өңірінің тумасы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қайырбек Кемеңгер.

Алаш ардақтыларының өмірі мен шығармашылығы, олардың азаттық жолындағы жанкешті күресі жайлы зерттеуші ғалымдардың соны деректерге толы дәрісін тыңдауға асығыңыздар.

Біз сіздерді кітапхананың конференц залында күтеміз.

Байланыс тел: 56-53-04