5 қаңтар күні - ғалым, абайтануды ғылыми негіздеуші, шәкәрімтанудың негізін қалаушы, ұстаз, ақын, жазушы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері Қайым Мұхамедхановтың туғанына 100 жыл толды.
Айтулы датаға орай "Тамырын тереңге тартқан бәйтерек" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ұлы тұлғаның кітапхана қорындағы барлық құнды еңбектерімен қатар "Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығы" қоғамдық қоры сыйға тартқан кітаптары қойылды.
Барша қала тұрғындарын, ұлт мүддесі жолында қайтпас қаһармандықтың үлгісін танытқан Қайым Мұхамедхановтың тар жол, тайғақ кешуге толы қилы тағдыры мен оның қазақ әдебиетіне қалдырған мол мұрасымен танысуға шақырамыз!