Құрметті оқырмандар!

"Тағылым" танымдық интеллектуалды клубында кезекті кездесу!

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты, көрнекті жазушы, қаламы қарымды журналист Қойшығара Салғараұлымен өтетін ерекше кездесуге асығыңыздар!

Ғалым-қаламгердің қаламынан "Алтын тамыр", "Көмбе", "Қазақтың қилы тарихы", "Қазақтар", "Түрік әлемі", "Түріктер", "Ұлы Қағанат", "Ұлы дала" сынды еңбектер шыққан.

Құрметті оқырман! Халқымыздың көне тарихын тереңінен зерделеген, өзіндік көзқарасы бар ғалымның тың да тосын ой-тұжырымдарынан тағлым алу мүмкіндігінен қапы қалмаңыздар!

Кездесу 2015 жылдың 23 желтоқсан күні сағат 16.00-де кітапханада өтеді.