Желтоқсан айының 11 күні Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкері Қадырова Гүлсая М. Жұмабаев атындағы №39 мектеп-гимназиясы ұйымдастырған "Көшпенділер трилогиясы – қазақ тарихын танытушы кітап" қалалық онлайн конференциясына қатысты. "Бір ел – бір кітап" акциясы аясында өткізілген кітап көрмесінің шолуына қаламыздың көптеген мектептері өз орындарында отырып тыңдарман болды.

Шолуда тоғыз жыл бойы өткізіліп келе жатқан акция тарихы тарқатылып, әр жылдың жыл кітабы жайлы ақпарат берілді. Қазақ халқының тарихы мен даңқты ұлдарының есімін  тасқа басқан "Көшпенділер" тарихи трилогиясына баса назар аударылды. Жазылу тарихына, маңызы мен мәніне тоқталып өтті. Сонымен қатар, жазушылық өмірін поэзиядан бастаған жазушының сан алуан тақырыпқа жазған өлеңдері мен басқа да романдары, жазушы жайындағы зерттеулер де толық қамтылды.

Бұл шара "Бір ел – бір кітап" республикалық акциясының, соның ішінде биылғы жыл кітабы "Көшпенділер" тарихи романы жайлы білетін және романды оқитын жастардың қатарын көбеюіне ықпалы тиген заманауи шаралардың бірі болды.