Құрметті Қарағандылықтар!
БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1987 жылдан бастап 26-маусым – нашақорлық және заңсыз есірткі саудасына қарсы Халықаралық күрес күні ретінде аталып өтуде. Осыған орай, Облыстық Ішкі Істер Департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы, "Сау ұрпақ" қоғамдық бірлестігі, "Вектор Инфорум" жастар журналы, "Тори" черлидинг тобы және Олимпиядалық резервтегі спорт мектебі мекемелерінің қолдауымен Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы "Қарағанды нашақорлыққа қарсы" атты антинаркотикалық жастар акциясын ұйымдастырады.
Шараның басты міндеті – жастарды бүгінгі күннің өзекті де өткір мәселелерінің бірі нашақорлық індетінен аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.
Өз өміріне, жақын адамдарының қауіпсіздігіне бей-жай қарамайтын барша қауымды 17 – маусым күні сағат 12.00 - де Кеншілер Мәдениет сарайы алаңында күтеміз! Қоғамымызға төніп тұрған қауіпке қарсы баршамыз бірге жұмыла күресейік.
Байланыс телефоны: 56-53-04