Қымбатты Отандастар!
Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Адамзат тарихында өшпес із қалдырған сұрапыл соғыстың аяқталғанына биыл 70 жыл толып отыр. Бұл мереке халқымыздың мызғымас бірлігінің, беріктігі мен қайсар рухының мерекесі. Осынау мерекеде Сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт, шаттық тілейміз. Еліміздің дархан даласы кең, аспаны ашық болсын!