Бүгінгі таңда трилогияны қайта оқи отырып, егемендік алу ісіне біздің бабаларымыз – Әбілқайыр, Абылай, Кенесары хандар, Наурызбай, Қобыланды, Бөгенбай батырлар, Төле би, Асанқайғы, Бұқар жырау сынды даналар қаншалықты зор үлес қосқанын ерекше түйсініп, пайымдайсыз...Олар, олардың серіктері мен ізбасарлары өз отанын шексіз сүйді, оның болашағына сенді, осынау көкейкесті мұратқа жету үшін аянбай күш-қайрат жұмсады.

...ендігі жерде жастар одан рухани мықтылықтың, адамгершілік пен отаншылдықтың үлгісі мен тағлымына мөлдір бұлақтан су ішкендей қана алады.

Ал қымбатты оқырмандар, сіздерге, "Көшпенділердің" беттерімен қызықты әрі пайдалы саяхат жасауға тілектестік білдіремін.

Н.Ә. Назарбаев

Құрметті сайт оқырмандары!

"Бір ел - бір кітап" республикалық акциясы жылдағы дәстүр бойынша өз жұмысын жалғастыруда. Қазақ хандығының 550 жылдығы, ЮНЕСКО аясында атап өтілетін І. Есенберлиннің 100 жылдығына тағы бір елең еткізер ерекше жаңалық қосылды.

"Бір ел – бір кітап" акциясының жыл таңдауы бойынша биыл "Көшпенділер" тарихи романын оқитын болдық. Қазақ халқының ХV-XIX ғасырлардағы тарихы мен тарихи тұлғалары жайында шебер жазылған көркем сөз туындысы арқылы тарихымызды тереңнен зерделеп, түп-төркінімізді тануға, "Қазақ қандай халық, олар қашан және қалай қалыптасты, жеке ұлт ретінде танылуға қандай мүмкіндіктері бар?" - деген сұрақтарға жауап ала аламыз.

          Баршаңызды І. Есенберлиннің "Көшпенділер" тарихи романын оқуға шақырамыз!

 

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында өткізілетін іс-шаралар жоспары

Атауы

Жұмыс түрі

Мерзімі

Жауапты

Акцияны өткізуді ақпараттық қолдау

1

 

 

Акция туралы ақпаратты кітапхана сайтына орналастыру

Ақпарат

наурыз

Ақпараттық-сервистік қызмет көрсету секторы

 

2.

 

 «Қарағанды Есенберлинді оқиды»

Ақпараттық материал

 

наурыз-сәуір

ОҚК бөлімі

Ақпараттық библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі

3.

 

 

 

 «Бір ел – бір кітап» акциясы туралы  БАҚ ақпарат беру

Ақпарат

 

сәуір

 

 

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі

4.

 

 

 

 Көшпенділер өркениетінің білгірі

Библиографиялық жаднама

сәуір

 маусым

 

Ақпараттық библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі

Көпшілік іс-шаралар

5.

Қазақ тарихының көркем шежірешісі

Әдеби кеш

ақпан

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі

6.

Суреткер ақиқаты – тарихи шындық

Шолу

ақпан

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі

7.

Қанатты қаламгер

І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби сағат

15 сәуір

Көпшілікке қызмет көрсету секторы

8.

Тарихи сананың тамыршысы

Кітап көрмесі

21 сәуір

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі

9.

Әдебиет – рухани ұлы күш

Отырыс

26 сәуір

«Жыр-жауһар» поэзия клубы

10

Көшпенділер әлемі

 

Отырыс

26 сәуір

Әдеби қонақжай

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі

11

Ұлттық рухты оятқан ұлы суреткер

«Көшпенділер» (электрондық ресурс)  фильмі туралы  он-лайн шолу

сәуір

­Өнер бөлімі

12

«Ілияс Есенберлин және оның әлемі=Ильяс Есенберлин и его мир»

Кітап экспозиц.

мамыр

 

Оқу залдары бөлімі

13

Кітапхана түні

«Бір ел – бір кітап» акциясының салтанатты ашылуы

мамыр

 

Жыр-жауһар

14

Жазғы оқу қаласы

 Көшпенділер әлеміне саяхат

Сөзжұмбақ

маусым

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі

15

Ұлы дала тарихы

Он-лайн викторина

маусым

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі

16

 «Көшпенділер» трилогиясының үзіндісінен ең үздік аударма

Сайыс

маусым

Халықаралық әдебиеттер бөлімі

17

Памятные даты истории

 

Пед. кеңесте

ақпарат күні

 

тамыз

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі.

18

«Классик казахской литературы»

Беседа-презентация

қыркүйек

Оқу залдары

19

Қазақ мемлекетінің жылнамашысы

 

Әңгіме

 

 

23

қыркүйек

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі, Мерз. басылымдар сект.

20

Қазақ өмірінің энциклопедиясы

Байқау

қыркүйек

«Жыр-жауһар» поэзия к.

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі

21

«Тарих, тұлға, уақыт»

Тарихи кітаптар апталығы

Шолу

қазан

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі