Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын жүзеге асыру аясында кітапхана Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын дайындады.
Қазақстанда 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы болып жарияланды
Қазақстан Еуразияның орталығында орналаса отырып әртүрлі өркениет пен діндердің басын қосты. Біздің халқымыз әрқашанда мәдениет пен өзара түсіністік, сыйластық қарым-қатынасқа көңіл бөлген. Бүгінгі күні бір шаңырақ астында ортақ құндылықтарға ортақтасып, өздерін қазақ елімен бір халықпыз деп есептейтін жүзден астам ұлттар жиналған. Бізді өткен тарихымыз, тағдырымыз, болашаққа деген игі үміттеріміз біріктіреді.
Бізде әр этнос басқа этностардың өрнектерімен үйлестіре отырып, өз өмірінің өрнегін құрып келеді. Және бәріміз бірге Қазақстан атауындағы ғажайып, түрлі-түсті, баға жетпес Ұлы Тарих полотносын салудамыз.
Н.Ә.Назарбаевтың ( Қазақстан Президенті Қазақстан халқы
Ассамблеясының XXI сессиясында сөйлеген сөзі)
Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлтаралық және конфессияаралық қарым-қатынастың өзара әрекеті мен үйлесімділігінің бірегей институты болып табылады.
Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен республиканың ұлттық-мәдени бірлестіктерінің негізінде 1995 жылы 1 наурызда ұйымдастырылды.
Ассамблеяның төрағасы Президенттің өзі болып табылады – Конституция кепілгері және осы арқылы оның жоғары қоғамдық-саяси мәртебесі айқындалады. ҚХА сессиясының жоғарғы органының шешімі - барлық мемлекетті органдардың қарауына берілуге міндетті.
Ассамблея мемлекет бойынша 820 этномәдени бірлестіктің қызметін қолдайды, барлық облыс орталықтарында және Астана, Алматы қалаларында құрылған аймақтық ассамблеялармен тығыз қарым-қатынаста.
Қарағанды облысы көп ұлтты аймақ болып табылады, оның аймағында қазақ, орыс, украин, неміс, татар, корей, шешен, барлығы 115 ұлт өкілдері мекендейді.
Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылы наурыз айында құрылған. Ассамблея қызметінің міндеттері – этномәдени бірлестіктерге жан-жақты көмек көрсету, олардың тілдерін дамыту мен салт-дәстүрлерін сақтаудағы өзекті мәселелерді шешу, жастарды бай тарихымызды құрметтеуге тәрбиелеу.
Облыс әкімінің консультативті-кеңес органы құрамында 105 адам бар: этномәдени бірлестіктің, облыс зиялыларының, ардагерлер кеңесінің, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері. Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы – облыс әкімі Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков.
Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық құрамына облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, ұлт таңдаулылары, дін басыларының өкілдері болып табылатын 21 қарағандылық кірген.
Қарағанды облысының Қазақстан халқының Ассамблеясын 70-тен астам этномәдени бірлестік біріктірсе, оның 24 облыстық болып табылады. Этномәдени бірлестіктер – барлық ұлттардың әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуына, олардың мәдениеті, тілі, ділі мен салт-дәстүрінің сақталуына, дамуы мен жаңғыруына бағытталған ауқымды жұмыстарды атқарады. Этномәдени бірлестіктерге осы жұмыстарды атқаруда кітап қорлары мен ресурстарға бай Қарағанды облысының кітапханалары ақпараттық қолдау көрсетеді. Көптеген жылдар бойы кітапханалар этномәдени бірлестіктермен бірігіп әртүрлі іс-шаралар өткізуде: достық фестивальдері, әдеби кештер, кездесулер, кітап көрмелерінің тұсаукесерлері және т.б.
Аймақта ұлтаралық және конфессияаралық келісім мәселелері бойынша әдебиеттерді насихаттауда Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ауқымды жұмыстар атқарып келеді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Жылына дайындық жасау және өткізу аясында ресми құжаттар қабылданды: