Жаңа 2015 жыл деп аталар жаңа парақ ашылды. Осы ретте "Жыр-Жауһар" поэзия клубы да өз жұмысын бастады. Клуб құрамына жас өрендер келіп қосылуда. Жыл бойына көптеген қызықты кештер мен айтулы іс-шаралардың өткізілуі жоспарлануда.
Клуб жылдың алғашқы отырысын Қазақ әдебиетінің классигі, ақын Қадыр Мырза Әлінің 80-жылдығына арналған "Ұлты мақтаған ұлы тұлға" атты әдеби кешімен ашпақ.
Айтулы кеште Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері Серік Ақсұңқарұлы мен Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың профессоры Қойлыбай Асанов ақынның азаматтық, ақындық, журналистік болмысы жайлы тереңнен әңгіме қозғап, жастарды қызықтырған сұрақтарға жауап бермек. Кеш барысында "Жыр-Жауһар" поэзия клубының алғашқы мүшелері, жаңа талапкерлері тарапынан ақынның өлеңдері оқылып, әндері шырқалмақ.
Баршаңызды 2015 жылдың 27 қаңтар күні сағат 15.00-де кітапханада күтеміз.
Айтулы кештен қапы қалмаңыздар!