Қадірлі оқырман!
2014 жылы 80 жылдық мерейтойын атап отырған біздің кітапхана өз оқырманына арнайы сый ретінде ерекше кездесу өткізгелі отыр. Тек Сіздер үшін кітапхана қабырғасында арнайы шақырылған сыйлы қонақпен өтетін ерекше кештің куәсі болыңыздар.
"Мұнар тауды, мұзарт шыңды аңсадым" атты кездесу кешінің арнайы қонағы – ҚР Ұлттық кітапханасының Бас директоры, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Әлібек Асылбайұлы Асқар.
Қазақ прозасындағы "Сафари" жанрының негізін қалаушы, кешегі Қалихан Ысқақов, Оралхан Бөкеевтердің жолын жалғастырушы Әлібек Асқардың "Ерте түскен бозқырау", "Өр Алтай мен қайтейін биігіңді", "Социализм әңгімелері", "Асыл арна" кітаптарына қоса, IV томдық шығармалар жинағын кітапханамыздың қорынан алып, оқуларыңызға үлкен мүмкіндік бар.
Арқаның күллі зиялы қауым өкілдері қатысатын қазыналы кешті Алаштың адуынды ақыны Серік Ақсұңқарұлы жүргізеді.
Өр Алтай топырағынан нәр алып, шыңыраулы шыңнан қанат қаққан жазушы әлеміне куә болғыңыз келсе,
ЕРЕКШЕ КЕЗДЕСУ КЕШІНЕН ҚАПЫ ҚАЛМАҢЫЗДАР!
Сіздерді 2014 жылдың 6 қарашасы күні сағат 11.00-де оқу залында күтеміз!
Байланыс тел: 8(7212) 565-304, 8-702-763-88-24