[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/new_kray/ar1 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.
30 қыркүйек күні "Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ..." атты дәстүрлі IV Қасым оқулары өтті.
"Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ..." деп келетін Қасымның жырлары әлі күнге дейін өз құнын жоймай ұрпақ санасында жаңғыртып келеді. Сөзіміздің дәлелі – кітапханамызда өткен IV Қасым оқулары.
Мерекені Қасымның образын өте шеберлікпен сомдаған талантты жас актер А.Жұмамұратов ашып берді.
Қасым рухы аспандаған салтанаттың өтуіне ерекше үлес қосқан жергілікті ақын-жазушылар мен кітапхана оқырмандары С.Ақсұңқарұлы, А.Бөкен, С. Жанысбай, Қ. Асанов, В. Голобородько Қ.Аманжоловтың қазақ әдебиетіндегі алатын орны, Қасым қалыптастырған жаңаша мәнер, тың тәсіл төңірегінде әңгіме өрбітті. Өлеңдерін оқыды.
Қасым оқуларының жанашыры, осы шараның өтуіне өзіндік үлес қосып келе жатқан "Қасым" журналының бас редакторы С.Сағынтай бастаған ұжым жиылған қауымды мерекемен құттықтап, өлеңдерін оқып, қатысушыларға "Қасым" журналының жаңа санын үлестірді.
Арқаның арқалы ақындары Р. Нұрбай, Қ. Асқар, М. Асан, А. Мирзахметов өздерінің отты өлеңдерімен мереке ажарын қыздыра түсті.
Төртінші рет аталып отырған Қасым оқуларының биылғы жылғы ерекшелігі – бір сәтте өткен үш алаңның қызу тартысы болды.
Қасымның рухын, оның "өртке тиген дауылдай" мұрасын жаңғыртып "Еркін микрофон" алаңында жырдан шашу шашылып жатса, ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы "Қазақ жырының алдаспаны" алаңында өткен Қасымның шығармаларына арналған викторина жасатарымыздың терең білімдерін дәлелдеп, білгірліктерін тереңдете түсті Ал "Өлеңмен өрілген суреттер" атты алаңы мерекенің көз тартар көрінісі болды. Ақынның шығармалары бойынша салынған суреттер байқауында жасөспірімдер көркем шығарма мен қылқалам шеберлігін шебер ұштастыра білді.
{gallery}material/new_kray/ar1{/gallery}
Осы игi шараға қатысқан қаламыздағы жоғары оқу орындарында оқып жатқан талантты жас қаламгерлер, колледж, мектеп оқушылары мерекенің шырайын кіргізіп, таланттары мен білімдерін шыңдай түсті.
Мереке өте тартымды болды. Кеште күмбірлетіп күй де тартылды, шалқытып ән де айтылды. "Қасым оқуларының аясын облыстықтан республикалық деңгейге көтеру керек" деген ұсыныспен биылғы дәстүрлі Қасым оқулары өз мәресіне жетті.