Құрметті оқырмандар мен төл әдебиетіміздің жанашырлары!
«Бір ел - бір кітап» акциясы аясында өтетін қазақ қара сөзінің хас шебері Сайын Мұратбековтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Жарасымнан жаралған жан еді» атты әдеби-сазды кешке асығыңыздар!
Кешке – жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Төрехан Майбас пен ұлағатты ұстаз, ақын, жазушы Дәулетхан Сұлтан, талантты жас жазушы «Мимырт» романының авторы Арман Әлмамбет пен Қарағанды Мемлекеттік Университетінің журналистика бөлімінің аға оқытушысы Ләззат Қожахметова және «Ханшайым» әңгімелер жинағының авторы ақын, жазушы Алмаз Мызахметов қатысады.
Кеш барысында ұлттық әдебиетіміздің жетістіктері мен кемшіліктері сөз етіліп, әдебиетке жаны құмар жастар өздерін толғандырып жүрген көкейлеріндегі сұрақтарына жауап табатын болады.
Сондай-ақ, кеште «Жыр-Жауһар» поэзия клубының жас ақындары тарапынан нәзік иірім мен асқақ рух тудырған поэзия жауһарлары оқылып, әннен шашу шашылады.
Келіңіздер, әдеби-сазды кешіміздің куәсі болыңыздар!
Сіздерді 2014 жылы 28 – қыркүйек күні сағат 15.00-де
конференц залында күтеміз!
Байланыс тел: 8(7212)565-304, 8-702-763-88-24