Құрметті оқырмандар!

Сіздердің назарларыңызға "Бір ел – бір кітап" республикалық акциясының аясында проза саласының хас шебері С.Мұратбековтың өмірі мен шығармашылығына арналған “Жусан иісті дара талант” атты виртуалды көрме - презентациясын ұсынамыз.

Көрменің бөлімдері:

  • “Өмір өткелдері” – болашақ жазушының басынан өткерген өмір белестері жайында сыр шертеді.
  • “Сымбаты бөлек сырлы әлем” - Сіздерге өз кітабыңызды табуға жол көрсетеді.
  • “Жыл кітабы” - “Жусан исі” мен “Басында Үшқараның”  туындылары туралы деректерге қанығып, электронды нұсқасын оқуға мүмкіндік аласыз.
  • “Қаламгер сыры – қаламдастар лебізі” бөлімінде жазушы жайлы баспа беттерінде жарық көрген қаламгердің  жары мен замандастарының естеліктері, ой - пікірлері топтастырылды.

Жазушының қай шығармаларын оқысаңыз да адам болмысының терең иірімдерін көркем сөзбен шебер суреттеген қысқа ғана шығармалар өз оқушысын еркінен тыс елітіп, баурап алады. Баяндалған оқиға уақыты көз алдыңызда өріліп, сол әлемнің тылсым тұңғиығына арбалап, қызыға да құныға оқып шыққаныңызды байқамай да қаласыз. Сымбаты бөлек сырлы әлемнің есігі бүгін сізге айқара ашылды.

Құдіретті сөз әлеміне шеккен сапарларыңызда шынайы сүйіспеншілік сезіміне бөленуіңізге тілектеспіз.