Алаш азаматтарының рухани ордасына айналған Қарқаралы қаласына биыл 190 жыл. Қазақтың мәдениеті мен ұлттық өнерінің Меккесі атанып, алғаш темірқазығы болып есептелетін Қарқаралының тарихы мен табиғаты бүгінде тарихи еңбектердің жарық көруіне арқау болып отыр.
Осындай еңбектердің бірі "Фолиант" баспасынан "Менің Отаным – Қазақстан" сериясымен жарық көрген Сапарғали Ләмбекұлының "ҚАРҚАРАЛЫ" атты бірегей туындысы.