2014 жылдың 19 маусымында сағат 12.00-де Қарағанды қаласының оқырмандарына арналған дәстүрлі Жазғы Оқу қаласы жобасы жұмыс жасауын бастайды.

Жазғы "Оқу қаласы" жобасының мақсаты – кітап оқуға деген қоғамның қызығушылығын ынталандыру, жастар мен ересектер қауымын кітап оқуға тарту, балалардың жаз мезгіліндегі бос уақыттарын ұйымдастыру. Жобаның ашылуы кітапхананы өз оқырманына жақындатуға, қала тұрғындарының кітап оқуына және демалуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Кез-келген адам жазғы оқу залының оқырманы бола алады. Жазғы оқу залының қорында оқырмандарымыздың және кітап дүкендерінің ұсынған көпшілік оқуға арналған мерзімдік басылымдары мен кітаптары бар.

Жазғы оқу залы 1 қыркүйекке дейін аптасына екі рет сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 12.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс жасайды. Оқырмандар үшін оқуды қолдауға арналған викториналар мен әртүрлі акциялар өткізіледі.

Жазғы оқу залын ашу арқылы оқырмандарды тартуға, мәдени-демалу мекемесі ретінде кітапхана беделін нығайтуға, кітап оқымайтын және аз оқитын азаматтардың оқуға деген қызығушылығын оятуға қол жеткізе аламыз деген сенімдеміз.

Оқуды алға ілгерілету бойынша жүзеге асырылатын кітапхана жобалары жастардың қоғамдық ұйымдары тарапынан, әсіресе "Нұр Отан" ХДП "Жас Отан" жастар қанатынан қолдау тауып отырады. Аталмыш Жазғы Оқу-қаласының ашылуын да "Жас Отан" жастар қанаты қолдап, шараға атқарушы директоры Н. Жетпісбаев қатысады.

Шараның ашылу барысында байқаулар, викториналар, әдеби ойындар және т.б. ұйымдастырылады.

Барлығыңызды табиғат аясында әлемдік көркем әдебиеттердің үздік үлгілерімен сусындауға, беделді тұлғалардың өмірімен танысып, әртүрлі талғамдағы кең танылған ғылыми журналдарды оқуға мүмкіндік беретін Жазғы Оқу қаласына шақырамыз.